"Келді, міне, Жаңажыл ортамызға,
құт-береке әкелсін баршамызға!"
Балалар әсем әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қуанысып. . .
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он сегізінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты қонақтар, балалар!
Жаңа-жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа -жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, құт - береке, бірлік әкелсін.
Жүргізуші:
-Құрметті қауым, осы Жаңа - жыл мерекесіне арнап біздің топтың балалары ән, тақпақ, би, ойын дайындады. Ендеше, сөз кезегін балаларға берейік.
Ортаға бөбектеріміз:
1. Айша:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Жасмин:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
3. Ерғанат:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
4. Ханшайым:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
5. Расул:
Хоровод, хоровод,
Здравствуй, здравствуй,
Новый год!
6. Алимжан:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
7. Амир:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
8. Айғаным:
Аспан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>