Мен де мерекеге қатысқым келеді. Ән салып, би билегім келеді.
Жүргізуші:
Оны балалардан сұрау қажет.
-Балалар, мыстан бізбен бірге қалсын ба?
Балалар:
-Ия, қалсын.
Жүргізуші:
- Жарайды, Мыстан балалармен бірге Жаңа - жылды қарсы ал.
Балалар, келіңдер ортаға
Шырша жырын айтайық
Ән : "Шырша жыры"
Ит:
- Мыстан біз сенің шартыңды орындадық. Сен де Ақшақарды босат.
Мыстан:
-Ақшақар менің сиқырлы ормандағы үйшігімде.
Сиқырлы әуен мен қоңырау дауысы естіледі.
Ит:
Алақай! Аяз атаның күймесінің даусына ұқсайды. Атай адасып жүрген шығар.
Жүргізуші:
-Балалар, олай болса бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
Балалар:
-Аяз ата ауууу
-Аяз ата ауууу
-Аяз ата ауууу
Мыстан:
-Аяз ата келгенше мен Ақшақарды босатайын. Әйтпесе, Аяз ата ашуланып, қаһарланады.
(Мыстан қаша жөнеледі)
Ит:
-Мен Аяз атаны қарсы алайын.
(Жүгіріп, есікке дейін барып тосып алады. )
Музыкамен аяз ата кіреді
Амансыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Балалар:
-Сәлеметсіз бе Аяз -ата!
Жүргізуші:
-Сәлеметсіз бе Аяз -ата. Сізді көп тостық. Бізде мереке болып жатыр.
Аяз ата:
-Ия, көріп тұрмын. Мерекені тойлап жатырсыңдар екен. Бірақ немеремді көрмей тұрмын ғой.
Ит:
-Ата айыптымын, немерңізден адасып қалдым. Оны Мыстан қазір жол көрсетіп әкелер.
Жүргізуші:
-Аяз -ата сіз асулардан, белдерден асып,ұзақ жол жүріп шаршаған шығарсыз. Мына жерге отырып дем алыңыз. Ақшақар келгенше балаларымыздыңСізге арнаған тақпақтарын тыңдай оты
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>