Келді міне, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Кай кіреді. Қар ханшайымы таққа отырады, Кай оның аяқ жағына отырады).
Кай: Жан-жағымыз тып-тыныш. Көңілсіз бәрі (мұз пішіндермен ойнап отырады).
Қар ханшайымы: Шудан гөрі тыныштық жақсы ғой.
Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа жыл ғой.
Қар ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.
Қар ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! (Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)
Герда: Кай, сен мені таныдың ба?
Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап мазамды алмашы.
Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!
Қар ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.
Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай!
Кай: Сәлеметсің бе, Герда! (Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады).
(Шыршаның артынан Фея шығады)
Фея:Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.
Қар ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха-ха-ха!
Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата: Келе жатырмын (есіктің артынан айқайлап) келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Амансыздар ма, қонақтар! - Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл-күйлерің жоқ қой?
Ақшақар: Қар ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңда алып, оны пешке ерітіп жіберші.
Аяз ата: Бір, екі, үш. Бері кел пеш! Бір, екі, үш. Қар ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, Қар ханшайымы айналып, айналып пешке барып құлайды).
Қар ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын!
Аяз ата: Міне, Қар ханшайымынан құтылдық. Мерек

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: