Келді міне, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Гердаға жол көрсетіп жібер.
Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (Шоқжұлдыз Гердаға жол көрсетіп алып кетеді)
(Залға Қар ханшайымы кіреді)
Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән! Не күлкі! Мен сендерге көрсетемін.
Әбілмансұр: Сенің дауысың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.
Дәулет:Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз.
Ойын: "Қар атысу"(Орындықтардың астынан қар алып, лақтыру).
Қар ханшайымы: Ах солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаңдар. Әй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар.
Би: "Ұлпақарлар"
(Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар қатып қалады)
Қар ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады)
Фея: Ой, сұмдық, мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың есімдерін айтыңыздар, балалар оянсын. (Аналар балалардың есімдерін атап ерітеді) балалар еріп, айналады.
Тәрбиеші: Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Амалбек:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ қармен боянып.
Мерей:
Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Нурисам:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле Төрле Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Фея:Қар ханшайымы, болды жетер. Кәне, бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.
Қар ханшайымы: Ха-ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: