Келді міне, Жаңа жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "35 "Балдырған" бөбекжайы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



"Бекітемін"
35 "Балдырған" бөбекжай директоры
М. М. Кабдрахманова
""2016 жыл






"Келді Міне,Жаңа жыл!"
Жаңа жыл ертеңгілігіне арналған сценарийі
(ортаңғы тобы)







Өткізген: 5 ортаңғы тобының
тәрбиешісі Кошиева С. Т.








Ақтау қаласы
2016-2017 оқу жылы

Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Бүгінгі біздердің "Келді міне,Жаңа жыл!" атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Құтты болсын ағайын,
Жаңа жылым тағы да.
Қол соғып қарсы алайық,
Шақырайық ортаға.
Ертеңгілік бастасын,
5 ортаңғы тобы да.
(Мерекелік музыка ойнап, ортаға екі бала шығады).
Айдос:
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Медина:
Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне, балақай байқашы,
Мән беріп бір қарашы!
Доcтардың барлығы,
Үлгерді ме санашы.
(Балалар шығып, орындықтарына отырады).
Ән: "Кел, кел Жаңа жыл"
Әсет:
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Алихан:
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Гүлнұр:
Дети водят хоровод,
Хлопают в ладошки.
Здравствуй здравств

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: