Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: "Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы"
7 сынып
Тарих пән мұғалімі: Болаткулова К
Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның "Жеті Жарғы" заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Дамытушылық. Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік. Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ - жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, Аңыз адам журналы, буклет, сандықшалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.
І-топ Хандар
ІІ-топ Билер
ІІІ-топ Батырлар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сәйкестендіру тесті:
1
Жәңгір хан билік құрды
А
1613-1627 жж.
2
Жалаңтөс батыр әскерінің саны
Б
50 мың
3
Тұрсын хан билік құрды
В
1628-1652 жж.
4
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>