"Салтанат" бөбекжай-бақшасы" МКҚК
Жас мамандармен жүргізілетін
"Қарым-қатынас мәдениеті"
семинары
Педагог-психолог: Калиева Г. Р.
Петропавл қаласы,
2016-2017 оқу жылы
Мақсаты:
1. Педагогтардың айналасындағы адамдармен, ортамен, өз-өзімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мағлұмат беру.
2. Қарым-қатынас мәдениетінде маңызды қасиеттерді жинақтап, олардың маңыздылығын көрсету, бойымызда тәрбиелеу.
3. Педагогтарды практикалық, тренинг, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы жағдайды талдай алуға, саналы шешім қабылдауға баулу.
Көрнекіліктер: сауалнамалар, жаттығулар.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, тренингке қатысушылар! "Қарым-қатынас мәдениеті" атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер.
Қарым-қатынас - тұлғаның сыртқы обьектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін ұғым. Қарым-қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Жалпы көңіл-күй-адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді табиғат құбылыстарымен белгілейік (бұлт, жаңбыр, күн)
Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ғана нәрсе, солай емес пе?! Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал күлімдегенде беттегі 14 бұлшық ет жұмыс істейді екен. Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан байқайтын бірінші нәрсеңіз.
2. "Напалеонның кейіпі" тапсырмасы
Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс көрсетіледі:
Қо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>