"Карлсон бізде қонақта"
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қимыл-қозғалысқа тән бірнеше ойындарды бірігіп ойнауға үйрету. Татулыққа, достыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықсын күн бүгін!
Нұсқаушы:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Сайысқа қатысушылар: "Бауырсақ", "Айгөлек", "Ақ бота" 2-кіші топ сәбилері.
Әділқазы шешеді,
Істің ақ пен қарасын.
Ойын-сауық жарыстың,
Әділ берер бағасын.
(Әділқазылар таныстырылады).
Ғажайып сәт. Карлсон есіктен кіре алмай бір қанатын сындырып алады. Залға ренжіп кіреді.
Нұсқаушы: Сәлеметсің бе, Карлсон. Сенің неге көңілкүйің жоқ?
Карлсон: Мен қанатымды сындырып алдым. Енді қалай ұшамын?
Нұсқаушы: Қане, біз саған көмектесейік. Сенің қанатыңда тапсырмалар бар екен. Біз соны орындасақ қанатың жазылады.
Карлсон: Мен тапсырмаларды орындай алмаймын ғой.
Нұсқаушы: Сен уайымдама, балалар көмектеседі. Біз спорттық ойын-сауық ойнап жатырмыз. Бізге тапсырмаларды орындау қиын емес. Балалар, Карлсонға көмектесіп қанатын қондырып береміз бе? (Иә).
Нұсқаушы: Ендеше балалар,Карлсонның тапсырмаларын орындайық.
1. "Сылдырмақты сылдырлат".
Ойын шарты: Доғал астынан еңбектеп өтіп сылдырмақты сылдырлату.
Мақсаты: Балаларды төрттағандап еңбектеуге,шапшандыққа үйрету.
2. "Менің көңілді добым".
Ойын шарты: Допты домалатып кегельдерге тигізу.
Мақсаты: Балаларды мерген
Страницы: 1 | 2 > >>