дігі кезекті информатиктерден құралған "Көңілді дискілер" тобының
" Информатикасыз-бір күн" атты көрінісін тамашалайық.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер .
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады,
Олай болса білімнің,
Қай мықтыда тұрағы - деп білім сайысын бастаймыз
Әр топқа өз саласы бойынша 3-сұрақ ,тағы 1- бейне сұрақ қойылады .
Топтар ортаға шығамыз. Қол соға қарсы алайық.
21-ғасыр адымдап ,
Күшіне еніп келеді.
Жарнамасы мықтылар ,
Өздеріне сенеді .
Жарнамалап онда біз,
Дамытайық ғылымды.
Тыңдап,қарап,саралап,
Ұғарсыз сіз сырымды-деп "Жарнама" бөлімін бастайық.
Ендеше математиктерден құралған "Көпбұрыш" тобының жарнамасын тамашалайық.
Келесі кезекті өзінің жарнамасын көрсетуге асығып тұрған физиктерден құралған "Кемпірқосақ" тобын қошеметпен қарсы алайық.
Тағыда өзінің жарнамасымен таңқалдырмақшы болып бел байлап тұрған информатиетерден құралған " Көңілді дискілер" тобын ортаға шақырамыз.
Ду қол шапалақ.
Кешіміздің соңғы бөлімі де келіп жетті .
Оқушымен ғаламшар,
Сәні кірер сеніңіз.
Білім қуған жастарға,
Құшақ ашар еліміз.
Ролик ,слайд көңілді,
Шығармашыл жас буын.
Ұсынбақшы сіздерге,
Күлкі сыйлап жүздерге.
Бұл бөлімде әр топтың өздері дайындаған "Оқушы және ИФМ" тақырыбындағы слайдттарын тамашалайық.
Ортада "Көпбұрыштар" тобы .
Келесі өздерінің слайд,роликтарымен "Кемпірқосақ" тобы .
Асығып тұрған " Көңілді дискілер"тобының шығармашылығына куә болайық.
Топтарды ортаға шақыру .
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>