ның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
3) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
4) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.
R
D
Дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістері:
1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Раунд - Робин
5. Топтау әдісі
1) Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады.
Мыс: ЖАЛПЫ ОТБАСЫ:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>