Инновациялық технологияларды мектеп жасына дейiнгi балаларда сыншыл ойлауын дамытуда қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Инновациялық технологияларды мектеп жасына дейiнгi балалардасыншыл ойлауындамытудақолдану. »
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс -тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
«Технология» сөзі – гректің «шеберлік, өнер» және «заң, ғылым» сөздерінен шыққан – бұл шеберлік туралы ғылым.
Инновациялық технологиялар – тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі. Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы болып табылады. Инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы десек, ал аталған озық әдістемені қажетінше педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу педагогтың педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар аз емес және олар оң нәтижелерге жеткізуде.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы
1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және о

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: