Информатика сабағында ақпараттық технологияны пайдалану

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.
Информатиканы оқыту барысында оқушының жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр. Пәнді оқытудың тиімділігін арттырудағы оқыту әдісінің бірі - проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Проблемалық жағдайды компьютерді оқыту үрдісіне пайдалану барысында іске асырудың бірден бір жолы - бұл оқушының білім алуға деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуге арттыру болып табылады. Аталған мәселелерді жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі - оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқушының өзіндік жұмыс істеуі - олардың сабақ кезінде программаны жазу, оны компьютерде орындауы арқылы іске асырылады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшін ойын элементтерін пайдаланып, түрлендіру қажет. Аталған әдістердің элементтерін сабаққа енгізу оқушының танымдық белсенділігн арттырып, зейінін сабаққа аударады. Оқушының танымдық белсенділігін арттырып, зейінін сабаққа аудару, білім сапасын көтеруге бағытталған процесс - ақпараттандыру. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: