Информатика сабағында ақпараттық технологияны пайдалану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Кожахметова Акмарал Ерболатовна Петропавл қаласы

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. "Білім берудегі АКТ" ұғымы "оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары", "қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары", "компьютерлік оқыту технологиялары" және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл ә

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: