шілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
"Күн". Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды. Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.
"Гүлдер". Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.
"Көбелек". Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.
"Қысқы орман". Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын - алуға жасалады.
"Күз". Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.
"Теңіз". Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.
"Арамен ойнау". Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді: "Ұшты
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>