Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Өз үйіңді тап
Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің "Серуенге шығамыз" деген
нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.
Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің "Жаңбыр жауа бастады" деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.
Жүгіріп қағып ал.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады. (қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші " Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!" -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: "Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер" дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.
Кұстың қауырсыны кімге барады.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан -- жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.
Жалауға қарай жүгір
Балалар тәрбиешіге қарама-карсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.
Шарды ұста
Тәрбиеші ортаға көп ү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>