Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр негізгі орта мектебі
«Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
Бердіғожина Бижамал Мұхаметқалиқызы
2013-2014 оқу жылы
Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждарын, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті адал жүректі, көпшіл адамды иманды адам дейміз. Иманды адам айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, шабытпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет-бейнесінен танып, халық оны иманжүзді адам дейді.
«Тура биде «туған» жоқ, «туысты» биде иман жоқ» деп халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кішіпейілділігі, көпшілділігі, дос копшілдігі - әлеуметтік имандылықтық белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адм болу – кісілік борыш.
Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірім – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адмдардың бір-біріне мейір-шапағаты әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің аңсар шыңы. Мейірлі адмның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс.
ž
Мейірімділіктік іс жүзіндегі бір көрінісі – қайырымдылық. Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда байыған адамдар «Қайырымдылыр қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі аса бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке құштар адамға көмек көрсе
Страницы: 1 | 2 > >>