тіп, қайырымдылық жасау, кіріптарға қайыр беру, қартарды аялап, мүгедектерді қорғап-қоршау, әрбір адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т. б. жөн-жоралғылар арқылы іс жүзінде ізіттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Бір сәтсіздік, ауыр жағдайға ұшырып, басқаларға кіріптар болып, көмек қажет еткен адамға жиып беретін көмек – жылу деп аталады. Жылу жасаған кезде кіріптарға көмек бермеген адамға зор кінә тағылып, оның адамгершілігі жоқ сараң, санасыз тасжүрек екенін жұрт бетіне айтып, одан түңіледі, кейде қауымнан аластап, қаперден шығарып тастайды. Еңбегімен елдің сүйіспеншілігіне бөленген қадірлі адамға сыйлық ұсыну, жаңа келген адамға байғазы беру, көп шығындап іс-әрекетінің арқасында тапқан игілігіне көрімдік беру, жас баланың қуанышын қуаттап, оған бәсіре арнау т. б. рәсімдер жөн-жоралғылар халқымыздың қайырымдылық дәстүрлері болып табылады.
Табиғатты қорғау, тал егу, гүл өсіру, жер суғару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтың үрдісі, оны орындай білу – парыз. Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сіңіріп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті.
Страницы: << < 1 | 2