>
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!. .
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайаған.
Жүрегіне от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
Қайырмасы:
Абай, Жамбыл, сал Біржан,
Таң қалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Есшіген жан тамсанған.
Қайырмасы:
Домбырамен сөйлеген,
Махаббатты халқымның.
Жігер беріп күй деген,
Шақырады алтын күн.
Қайырмасы:
Мұғалім: Өлең -- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп Абай атамыз айтқандай, сөз өнері -- өнердің ең құдіреттісі.
Келесі шартымыз -- өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
"Гүлдер" тобының оқыған өлеңі:
Жұбан Молдағалиевтің "Ар-ұят туралы" өлеңі
"Ұят" деп жұбатты, жыласаң,
"Ұят" деп жұбатты, жыласақ
"Ұят" деп тоқтатты, шуласақ
Тіл қатпай тістендік, құласақ,
Сол сөзден тыншыдық, туласақ.
Ашығып, арды асқа сатпадық.
Асығып, жолдастан безбедік.
Ерініп, еңбексіз жатпадық,
Ерігіп, есерлік кезбедік.
Ұят ол тірлікпен жерге келді,
Ұятты ұққан соң тіл шықты.
Құрметті жас жеткіншектер!
Халқымыз бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, өзінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы мол өнеге бере білген. Бүгінгі өткізіліп отырған, тәрбиелік мәні зор сайысымыздың да мақсаты осыны көздейді.
Страницы: << < 3 | 4 | 5