Өтілетін күні:
Сыныбы : 9 - сынып
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. "Күйші" поэмасы (2- сағаты )
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ілияс Жансүгіровтің "Күйші" поэмасының мазмұнынын түсіну, идеясын ашу арқылы халқымыздың күйшілік өнерін ұғындыру.
2. Дамытушылық: ақынның азаматтық қасиеттеріне баға беру, сыни ойлау қабілетін дамыту, жеке тұлға ретінде шығармашылық жұмысқа баулу.
3. Тәрбиелік: кейіпкерлер әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру арқылы рухани - адамгершілік тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: ақынның сөз образдарының байлығы арқылы өнердің өшпес құдіреті азаттық пен бостандық жоқ жерде өнердің де тумайтынын терең ұғыну.
Сабақ түрі: білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, саралау, мәтінмен жұмыс, пікір айту, бейнелеу, ізденушілік, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,ватман, маркерлер, ақын портреті,интерактивті тақта, слайдтық көріністер т. б.
Сабақ барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Топқа бөлу. ( Баяу күй ойналып тұрады. )
б) Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру.
II Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.
Сабақ эпиграфы.
"Қазақ поэзиясының сұлу сарайы " болған
Ілияс Жансүгіров - " Сөз Құлагері" ,
"Өнер жаршысы", "Күй" жаршысы
атанған "құдіретті өрт ақын".
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ өнерінің асыл қасиеттері туралы толғап жырлаған, қазақ өлеңінің Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасын талдап, идеясына көз жүгіртейік.
( Ақынның шығармашылық мұрасын аудио д
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>