ы. Ән ре минор тональділігінде жазылған. Әнде пиано, форте деген динамикалық белгілер кездеседі.
И. Нүсіпбаевтың "Біздің Отан" әнін үйрете отырып,балаларды елжандылыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімін қалыптастыруға болады.
Біздің Отан
Сөзін жазған: М. Қуанышбаев
Әнін жазған: И . Нүсіпбаев.
1. Отан-таңның арайы,
Күн нұрынан тараған.
Отан-бақыт сарайы,
Ел қызығып қараған.
Қайырмасы:
Ән сыйлаған жер-көктен,
Отан біздің жыр-көктем.
Отан бізді тербеткен,
Отанымда ержеткем.
2. Отан тымық түндегі,
Өшпес жарық жұлдыздар.
Отан әрбір үйдегі,
Шат көңілді ұл-қыздар.
Қайырмасы:
3. Отан-бұлақ таусылмас,
Таудан аққан мөп-мөлдір.
Отан-биік таусындас,
Көкке жеткен көк сеңгір.
Қайырмасы:
Страницы: << < 1 | 2