«И дыбысы мен әрпі» сауат ашу 1-сынып. «Баяндауыш» қазақ тілі 3-сынып

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>





Алтынсарин негізгі мектебі










Ашық сабақ.
"И дыбысы мен әрпі" сауат ашу 1-сынып
"Баяндауыш" қазақ тілі 3-сынып












Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыестекова А. Т

2014-2015 оқу жылы


Күні: 29. 10. 2014
Пән: Сауат ашу 1-сынып
Қазақ тілі 3-сынып.
Сабақтың тақырыбы: "И" дыбысы мен әрпі сауат ашу 1-сынып.
"Баяндауыш" қазақ тілі 3-сынып.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: "И" дыбысы мен әрпін таныстыру. "И"
дыбысы бар сөздерге талдау жасау.
Баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін
түсіндіру,баяндауыштарды сөйлем ішінен
тауып,оларға сұрақ қоя білу.
2. Дамытушылық: "И" дыбысына қатысты жаңа
сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту.
-Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы
теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға
дағдыландыру, шапшандыққа, сауатты әрі көркем
жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, "Сын тұрғысынан ойлау" технологиясының әдістері.
Пән аралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, тірек-сызба,жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-психологиялық дайындық:
-Қайырлы таң достарым.
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын.
Біз алар бағамыз.
Кілең "5-тік"болсын.
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық. Балалар,бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: