LІGN - "сырғымалы" мәтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тәсілін береді және де ол мына мәндердің біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM.
BGCOLOR - "сырғымалы жолдың" фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі.
DІRECTІON - жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT, RІGHT және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады.
HEІGHT - "сырғымалы жолдың" биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де () көрсетуге болады.
LOOP - "сырғымалы жолдардың" қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мәнін қабылдауы да мүмкін.
SCROLLAMOUNT - жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.
SCROLLDELAY - екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан.
WІDTH - экрандағы "сырғымалы жолдың" енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де () көрсетуге болады.
Енді келесі мысалды теріп, 1-мысал. htm атымен сақтап, нәтижесін браузерде көріп шығу керек:
1-мысал
Сырғымалы жолдар
Бұл бірінші сырғымалы жол
Бұл екінші сырғымалы жол
Тәжірибелік жұмыстар
Тапсырма 1. Кез келген 10 суретті қолданып "Фотогалерея" құрыңыз. Суреттер img папкасында сақталсын. Фотогалереяның алғашқы файлы index. html болсын. Алғашқы парақта барлық суреттер 200х150 өлшемінде болады. Әр суретке басқанда сол сурет оригиналды өлшемде браузерде ашылуы керек. Алғашқы бет мысалы келесі суретте көрсетілген:
Тапсырма 2. Төмендегі кестені құрыңыз:
Тапс
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>