HTML- құжатқа суреттер енгізу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

01. 04. 2020
HTML 5 тілінің негізгі конструкцияларын қолданады.
Жұмыстың барысы:
1 Келтірілген теориялық материалдармен танысу
2 Жаттығуларды орындау
3 Нұсқаға байланысты тапсырма орындау

Теориялық бөлім
HTML-құжатқа суреттер енгізу
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
1. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін жеке, яғни жабылмайтын жалқы тег қолданылады.
2. Бұл тәгте міндетті түрде SRC ". . . " атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол тегі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:

экранға fіsh. jpg файлындағы балық суретін шығарады.
Ескерту: Қазіргі кездегі браузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.
3. Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH (ені) және HEІGНT(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:

суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады.
Сурет айналасындағы жақтау (рамка - border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады:
Border Пиксельдер саны
Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: