Жапарғали Бағжан
ЭПП - 216 тобының студенті
Жетекшісі: Қоғамдық пәндер оқытушысы
Уиримбаева Айгуль Дуйсеновна
Баяндама тақырыбы: ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Ә. Бөкейханов
"Тірі болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын. " - Әлихан Бөкейхан
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолынданғы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Оның көсемі- жазушы әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезі,Тоқырауын болысының ауылында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарайды. Оның ата- анасы- әкесі Нұрмұхамед пен анасы Бегім ханым білімді адамдар болған. Әлиханның арғы атасы белгілі Барақ сұлтанның баласы- Бөкей. 1816 жылы мейрамның бес руы Уәли сұлтанның билігін мойындамай, Орта жүзде өз хандығын құрды. Сексен жастағы Бөкей ақсақал хан болып сайланды. Бөкейдің тоғыз ұлы бар еді. Соларлдың арасында Батыр сұлтан да бар, өз кезегінде оның Рүстем және Мырзатай қарамағындағы жұртымен Қарқаралы мен Қаратау арасында көшіп жүрді. Олар тіпті Кеңесары Қасымовты қолдап, көтеріліске де қатысқан. Әлихан Бөкейхановтың саяси және азаматтық көзқарастарының қалыптасуына екі жағдай үлкен әсер еткен. Біріншісі, Әлихан даланың дәулетті де ақсүйек билеушілерінің дүниетанымына тән еркіндік пен теңдікті мансұқ тұтқан ортада өсті. Олар жеткілікті дәрежеде білімді болды, қазақ әдебиетін, шығыс әдебиеті мен мәдениетін білді, көпшілігі орыс тілін жақсы меңгерді. Екіншісі ХХ ғасырдың басында неғұрлым тиянақты білім алған қазақтар Еуропа мәдениетімен және тарихымен таныс болды. Еркіндік сүйгіш қазақ интеллигенті Әлихан Бөкейханов көп деңгейде ұ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>