ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Алихан Бөкейханов

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лы француз революциясы мен Герценнен, Чернышевский мен Толстой бастау алатын орыс ағартушысы гуманизмнің идеялары ықпалмен қалыптасқан. Ә. Бөкейханов жоғары білім алған алғашқы қазақтардың бірі. Ол Омбы техникалық училищесінде оқыды, Санкт Петербург орман техникалық орман институтында тәмамданды. Петербург студенттерінің саяси қимылдарына белсене араласып, кейінірек өзі жазғандай ". . . аса солшыл көзқарастарды ұстанып, тіпті экономикалық материализмді" яғни марксизмді жақтаған.
Ә. Бөкейхан баулыған ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ.
Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейхан және сонынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә. Бөкейхан ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Оқуын бітіріп,Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. "Народная свобода" (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. Әсіресе ұлт көсемінің Омб

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: