Хайуанаттар бағына саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

мыздың көрінісі. Олай болса саяхатымызды бастайық.
Мына суретте балабақшамыздың пішіні қандай екен?(үшбұрыш, төртбұрыш)
Көрсеткіш бойынша ары қарай жүрсек алдымыздан аурухана көрінді. Балалар ауруханаға адамдар не үшін барады?
- Дұрыс айтасыңдар. Қараңдаршы балабақша аурухананың қай жағында орналасқан? Оң ба, сол ма?
- Жақсы, оң жағы. Ары қарай жүріп, орталық алаңға да келдік. Балалар орталық алаңда айтулы, маңызы бар мерекелер аталып өтеді. Аға - әпкелеріміз ән салып, би билейді. Жаңа жылда шырша құрылып, от шашу болады. Ал Наурызда киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындар ойналады екен. Сендер орталық алаңға кіммен бардыңдар?
- Ал енді кім айтады, орталық алаң балабақшаның қай жағында?
- Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Сонымен көптен күткен хайуанаттар бағына да жеттік.
- Хайуанаттар бағы деген не?
- Қандай аңдар кезігеді?
- Олар неге торда отырады?
- Хайуанаттар бағы балабақшамыздан алыс па, жақын ба?
- Ал орталық алаңға алыс па, жақын ба?
- Көп рахмет балалар сонымен біз картадағы көрсеткіш бойынша хайуанаттар бағына саяхаттап келдік. Саяхат сендерге ұнады ма?

Сергіту сәті:
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Дидактикалық ойын: "Үй және орман жануарларын ажырат"
Шарты: Балалар берілген суреттерді реттеп, үй және орман жануарларын ажыратады.

Қортынды:
Балалар сонымен біз қайда саяхат жасадық?
Хайуанаттар бағы деген не?
Балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер пішіндері туралы ұғымы
Бо

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: