йымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулары: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы:"Хайуанаттар бағына саяхат" (кеңістікті бағдарлау)
Мақсаттары:
1. Білімділік: Балалардың ұғымдарына кеңістікті бағдарлауды, оң мен сол ұғымдарын, алыс - жақын түсініктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қолданылған көрнекіліктер арқылы балалардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Білімділікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу, салыстыра білуге, дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті.
Сөздік жұмыс: Хайуанаттар бағы - зоопарк
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, дидактикалық ойын
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Қанеки барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерімізді білдірейік:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
Жыл мезгілі туралы қайталау.
- Балалар қазір қай мезгіл? (күз)
- Бір аптада неше күн бар? (7 жеті)
- Бүгін аптаның қай күні? (11 қараша)
- Өте жақсы балалар. Бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз саяхат ретінде өтеді, тақырыбы кеңістікті бағдарлау. Бұл оқу іс - әрекетімізде біз түстер, пішіндер, көлемдерді, оңымызбен, солымызды, яғни кеңістікті бағдарлауды үйренеміз.
(тақтаға балабақша, аурухана, орталық алаң, хайуанаттар бағының суреттерін картадағы көрсеткіш ретінде орналастыру)
- Балалар, барлығымыз тақтаға назар салайық. Нені көріп тұрмыз?
- Дұрыс, бұл - карта. Біздің қала
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>