Халық педагогикасы-балабақшада
Үйелмен - бала үшін алтын бесік. Халық педагогикасы бойынша бала тәр-биесі мен оның барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен от басында жүзеге асады. Сондықтан балалардың болашағы үйелмендегі өзара қарым-қатынасқа, ата-аналарының тіршілігі мен еңбек етуіне тікелей байла-нысты болады, себебі бала өзінің өн бойына үйелмендегі естіп-көрген жақсы мен жаманның бәрін сіңіріп отырады, ата-аналардың жағымды, жағымсыз қылықтарына еліктейді. Халық педагогикасы деген не?
Ол - даналыққа толы мақал-мәтелдер. Ол - түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі балдырғанның балдай тіліне оралған тәтті тақ-пағы, думаны мол ойын баласының өлеңдері. Халқымыз бала психологиясы-ның қалыптасуына ойын әрекеті де елеулі роль атқаратындығын жақсы аң-ғарған. Ойында бөбектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын - балалық шақтың басты ерекшелігі. Мысалы "Баланың істегені білінбес", "Баламен ойнама шаршарсың", "Қыз - қуыршақ, ұл - құлыншақ", "Ойнай білмеген , ойлай да білмейді" деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатынды-ғы, ойын арқылы баланың сана-сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойы өсіп жетіле-тіндігі көрсетілген.
Бала тәрбиесіне байланысты үйелмен мен балабақша арасындағы жұмыстар-да орын алған кемшіліктерден арылу үшін 3 міндетті белгілеп сол бағытта жұмыс жүргізу.
1. Бала тамағының түрлілігі мен нәрлілігін, тазалықты басты назарда ұстай отырып дене тәрбиесі сабағының сапасын көтеру, қимыл-қозға-лысты
Страницы: 1 | 2 > >>