ұлттық ойындарды үйретуді басты назарда ұстау, сол арқылы дені саудың - діні сау, діні саудың - тілі сау дегендей, қоғамға пайда келтіре алатын, оның дамуына, нығаюына өз үлестерін қоса алатын денсаулығы мықты адам тәрбиелеу.
2. Тіл дамыту сабақтарының сапасын, берілу методикасын жетілдіре отырып, ана сүтімен берілетін ана тілін дұрыс меңгерту. Бала қиялын, ақыл-ойын жетілдіретін қазақ ертегілері мен жұмбақ, жаңылтпаштар үйретуді басты назарда ұстау. Сол арқылы бала бойына ұлтының қадір-қасиетін, әдет-ғұрпын біліп өсудің бастауын қалыптастыру.
3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің сапасын көтеру. Балабақ-шада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып халық педагогикасы негізінде бүлдіршіндерге еңбек, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде үйелмен мен балабақша арасындағы бай-ланысты ынтымақтастыра отырып ізгілендіру.
Бала - бақыт, бала - нұр, бала - отыныс, бала - жыр. Ана сүтімен бері-летін ана тілін дамытудағы ата-ананың, тәрбиешінің білім мен біліктілігі өте қа-жет. Қазіргі экологиялық жағдайымыз қарама-қайшылыққа кездескен кезеңде дені сау, діні сау, бала тәрбиелеу, басқа тілге деген құрмет, ұлттар достығы рухында тәрбиелеудің мақсаты мен міндеті жан-жақты айтылады.
Страницы: << < 1 | 2