Халық кегінің күйшісі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Ә. Сәрсенбаев "Халық кегінің күйшісі".
Сабақтың мақсаты:
1. Халық кегінің күйшісі Құрманғазының күйлерімен,өмірімен таныстыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
3. Оқушыларды елін сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құрманғазының, Динаның портреттері, Ә. Сәрсенбаевтың портреті, ұлттық аспаптар суреті, домбыра, бор, тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, ЖДИКСО-ІІ стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих, Музыка
І. Қызығушылығын ояту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасына берілген "Интернат қоймасы" әңгімесін сұрақтар арқылы пысықтау.
Мазмұнын сұрау.
Әңгіменің авторы кім?
Әңгіме неге интернат қоймасы деп аталады?
ІІ. Мағынаны тани білу.
Жаңа сабақ.
(Сарыарқа күйі орындалып тұрады)
а) Орындалған кімнің күйі?
ә)Күй қалай аталады?
б)Қандай күйлерді білесіңдер?
в) Күйші дегеніміз кім?
-Құрманғазының суретін таратамын. Әр топ өздері толтырады.

1 топ 2 топ 3 топ
Құрманғазы Құрманғазы Құрманғазы

Топтастыру:
"Сарыарқа", "Адай"күйлері

1818 ж туған1889 ж қайтыс болған
Құрманғазы
Күйші
Күй атасы
Өнер иесі
"Балбырауын" күйі



Ал, енді балалар! Мына жасаған қорытындымыз неге ұқсайды? (Күнге)
Неге біз күнге ұқсатамыз?
Ол көбінесе қай салада еңбек сіңірді? (музыка)
Ендеше оқушылар, бүгінгі сендердің өтетін тақырыптарың "Халық кегінің күйшісі" деп аталады.
(Баяу үнмен күй орындалып тұрады)
а) Әңгіменің авторымен таныстыру
ә)Әңгіменің 1-ші бөлімін мұғалімнің оқуы.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: