Туғанда дүние есігін ашады өлең
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері - ол ата-бабадан қалған асыл мұра. " Туғанда дүние есігін ашады өлең" деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары - жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- ойын өлеңдері . Бұл ретте баланың білегін, алақанын, саусақтарын ұстап, түрлі қимылдар жасап, арасында қытықтап отырудың мәні зор. Оларға: " Саусақ санау", "Бес саусақ", " Қуырмаш" т. б ж. Енді ертегілерді алсақ, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде орынды қолдануға болады. Мысалы "Жыл басына таласқан хайуанаттар" Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді ҚМҰҚ осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы "үлкен", "кіші", немесе "биік", "аласа" деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі. Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуына, баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.
Қиялдай білу арқылы ой-өрісі, дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа, тілін дамытуда басты құрал болып табылады. Мақал- мәтелд
Страницы: 1 | 2 > >>