Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Б. М. 1) Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.
Д. М. 2) Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру.
Т. М. 3) Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту, балалардың сөздік қорына мән беріп ұғымдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы.
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, дәптер.
Сабақтың барысы:
1. Балаларды сабаққа ұйымдастыру:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Балалар:
Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Сәлеметсізбе? Есенсіз бе? Амансыз ба? Бәріміз күндей жарқырайық. Бәріміз дос болайық, бәріміз тату болайық!
Мұғалім: Рақмет балалар, отырыңыздар.
2. Жаңа сабақтың тақырыбы: Бүгін сабақтың тақырыбы «Х дыбысы және әрпі». Бүгін біз Х дыбысымен танысамыз, ребустарды шешеміз, сөздерді буынға болеміз, сөзден сөйлем құрастырамыз, ойын ойнаймыз.
3. Негізгі кезең- Өткен сабақты кайталайық.
Кім не ұқты демейік,
Ал тексеріп көрейік.
Қазір біз екі топқа бөлінеміз, кім көп дұрыс жауап берсе солар жеңімпаз деп саналады.
Сұрақтар:
Қазыр бізде қандай сабақ?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Айларды ата?
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін ата?
4. Рақмет балалар, ал еді тақтаға қарап ребустерді шешейік, қандай сөздер жасырнып тұр бұл ребустерде.
5. Жаңа тақырып: Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен жаңа Х дыбысымен танысамыз. Қане, бәріміз Х деп айталық. Х дыбысының баспа және жазба түрін көрсету.
Біз, алдымен қайталайық, дыбыс деген
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>