Алгоритм түрі келесідей : сызық сызамыз, бүгілістің біреуін тышқанның сол жақ батырмасымен созып, екінші бүгілісті созамыз
Қатаң горизонталь, вертикаль немесе 45 градусқа ауытқыған сызық сызу үшін тышқанды жылжытқанда Shift пернесін ұстап тұру керек.
Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып, "дұрыс" фигуралар салуға болады. Тікбұрышты қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан - шеңбер саламыз.
Көпбұрыш былай салынады: бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін тышқанның сол жақ батырмасымен біртіндеп барлық төбелерін шертіп шығамыз. Суретті тышқанды екі рет шертіп немесе фигураны тұйықтап аяқтаймыз.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1. Өшіргіш сайманының жұмыс режимдерін сипаттаңдар ?
2. Фигура шекарасының жуандығын қалай өзгертеміз ?
3. Дұрыс фигураны қалай саламыз ?
VІІІ Үйге тапсырма
15 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
Страницы: << < 1 | 2