Гүлдің құрылысы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оңтүстік Қазақстан облысы
Әл - Фараби ауданы
Ж. Баласағұн атындағы 6 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Абуова Айнұр Бейсенбаевна

Гүлдің құрылысы.
Биология пәнінен 6-сыныпта "Гүлдің құрылысы" тақырыбында ойын түріндегі аралас сабақ өткіздім. Сабақта оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.
Гүл құрылысының сызбанұсқасы, өсімдіктің көбеюіне арналған кестелер, кеспеқағаздар, сөзжұмбақтар, "өсімдік көбеюі" кубигі, тірек-сызбалар, кеппешөп қолданылды.
Ойын-түріндегі бұл аралас сабақта ауызша баяндау, көрнекіліктерді демонстрация-лау, ойын элементтері орын алды.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін үй тапсырмасы сұралды.
1. "Өсімдіктің көбеюі" кубигі ойыны.
Шарты. Кубиктің алты жағына өсімдіктің өсімді мүшелері мен көбею тәсілдері көрсетілген. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы түскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіреді. Мысалы,
1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею:
а) тамырсабақ; б) пиязшық
ә) түйін; в) мұртша.
2. Негізгі өсімді мүшелерінің бөліктері арқылы көбею:
г) телу арқылы.
2. "5" алғын келсе ойыны.
"5" алғысы келсе жәшіктен оқушылар сұрақтар алып, 1 мин ішінде жауап беру керек.
1. Өсімдіктің өсімді (вегативті) мүшелерін атаңыз.
2. Кеппешөптен, суреттен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: