Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы 2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімді-лікке баулу.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: Спорт зал
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кегли, секіргіш, арқан, шар т. б
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
II. Негізгі бөлім
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі сынып жетекшілер апталығына орай ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша "Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда" спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 1 "а" - 1 "ә" сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
1. "Тұлпар" тобы, 1 "а" сыныбы
2. "Бәйтерек" тобы, 1 "ә" сыныбы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Жарыкова Бақыт Тілеуқызы.
2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Жапакова Гульзат Санатқызы
Таза ауа, спорт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>