Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

quot;
Ойынның шарты: Отырып қаз жүрісімен жүріп барып, белгіленген жерден шарды атып жару.
6-тур: "Допты бастан асырып беру"
Ойынның шарты: Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші - үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастауышы өз орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
7-тур: "Кегли"
Ойынның шарты:Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.
8-тур: "Орыннан секіру"
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9-тур: "Тіркесіп жүгіру"
Ойынның шарты: Алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып, үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
10-тур: "Арқан тартыс"
11-тур: "Сурет салу". Ойынның шарты:
1. Ұш шығарғышты апару;
2. Қарындашты ұш шығарғышпен ұштау;
3. Қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу;
4. Не салу керектігін ыммен түсіндіру;
5. Берілген суретті салу.
III. Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, -
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімп

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: