Сабақтың тақырыбы:
Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан,
тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру.
Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық
мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:білімді қорытындылау
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер: интерактивті тақта:
а) Ж. Жабаевтың портреті
ә) Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) «Жамбыл» тірек – сызбасы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жамбыл. . . Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>