Жылқы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі" ММ








Пәні: әдебиет
Сынып: 4 "А"
Өткізген: Нұрсарина К. Қ.














Сабақтың тақырыбы: Жылқы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, мәтінді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету. Оқушылардың жылқы туралы білімдерін тексеріп, толықтыру.
2. Тәрбиелік: Жылқы малының пайдасын түсіне отырып, сыйлауға, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малды ұрмауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру,суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым-қатынасын жақсарту. Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті
Көрнекілігі: Слайдтар, флипчарттар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа жұмылдыру.
4. "Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа қымбатты қонақтар, ұстаздар келіп отыр. Қош келдіңіздер!"

5. Оқушыларға мақсат қойғызу.
- Балалар бүгінгі сабақта алдарыңа қандай мақсат қойып отырсыңдар?
Сабағымыздың мақсатын ашып алайық?
Мен мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін. Сабағымыз жақсы өтсін.
/Ұйымдастыру кезеңі/

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.
"2" дегенің нашар баға,
Алады оны нашар бала.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: