Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек топ: "Көбелек"
Білім беру саласы: "Денсаулық".
Кіші сала : Валелогия
Тақырыбы: Жүрек және оның қызметі
Мақсаты: Балаларды адамның ең негізгі мүшесі-жүрекпен таныстыру.
Жүректің жұмысына және оның қызметіне мәлімет беру.
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
I кезең-
мотивациялық-
қозғаушы
Балалар, оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы! Жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе? Жүрегіміз қандай?
Олай болса жүрегіміздің жылуын достарымызға сыйлаймыз. Аружан, сенің денің сау болсын!Данияр, сен мықты бол!
Шеңбер құрып, жылы тілек айтады.
II кезең-
Проблемалық - ізденушілік
Педагог балалады шеңберге тұрғызады, терең тыныс алғызып, бір-біріне бұрылып, күлімсіреп тілектерін білдіреді.
Балалар суық тиіп ауырмас үшін не істеу қажеттігін және тыныс алу мүшелерін естеріне түсіріп, "Валеология" елінің картасындағы аялдаманы қарастырады.
Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. "Бұл қай мүше? Сағат емес, бірақ соғады" Бұл-біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек соғуын кім де болса тындай алады.
Педагог балаларға бір-бірінің жүрек соғысын тындауды ұсынады. Біздің шешеміздің, әкеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүрекиері де осылай соғады. Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдайды, сонан соң қайта жиырылады, яғни жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
Жүрек ауырмай және дұрыс жұмыс істеу үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға тү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>