Сабақтың тақырыбы: Жүр, "Думанға" барайық.
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы "Думан" ойын-сауық кешеніне саяхат жасау. Елордамыздың көрікті мәдени орталығымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: "Думан" орталығы туралы әңгімелей алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.
Тұлғалық: туған жерімізге, елордамызға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, елордамыздың көрікті жерлерін мақтан тұту.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Негізгі дереккөздер: Астана қаласының, "Думан" орталығының суреттері, бейнефильм, оқулық, стикерлер.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, хормен қайталау, сюжетті мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс ,тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да!
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да!
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады баршаға!
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Сенің атың кім?
2. Сен неше жастасың?
3. Сен нешінші сыныпта оқисың?
4. Сен қай мектепте оқисың?
5. Қазір қай сабақ басталды?
6. Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4-тапсырма, 83-бет
Дәптерлеріне сюжетті суреттер бойынша диалог құрастырып жазып, әңгімелеу. Мысалы: Бірінші оқушы не істейді? Ол жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабаққа көшу.
-Ал, енді балалар, біз менің демалыс күнім модулін жалғастырамыз.
Қызығушылықты ояту.
Сендерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр.
Сендер Астана қаласы туралы білесіңдер ме?
Кім Астана қаласында болды?
Онда қандай әд
Страницы: 1 | 2 > >>