мина өз тақпақтарын айтады
Жүргізуші: Ұлдарымыздың орындауында би. Ұлдарды ортаға шақырамыз
Би: Топ ұлдардың орындауында
Дымбілмес: Балалар, менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді.
Ойынның аты "Жаңбыр суы".
Ойын: "Жаңбыр суы". Ата - аналар үшін ойын
Ойынның шарты: Мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады. Ендеше ойынымызды бастайық.
Жүргізуші: Рахмет, Күз ханшайымы, Дымбілмес! Балалардың өнері әлі таусылған жоқ. Төрімізге шығып, тамашалаңыздар!
Күз ханшайымы: Айналайын, балалар!Менің кететін уақытым болды. Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!
Дымбілмес: Менде Күз ханшайымымен барып қалайын. Сау болындар, балалар.
Ән: "Жас дәуірдің түлегіміз"
Әні: Е. Өтетілеуов
Сөзі: Н. Нүсіпбаев
І. Бау бақша белдер
Орман тау көлдер
Көрікті шексіз даламыз
Дәулеті тасқан
Сәулеті асқан
Көңілді ауыл, қаламыз
Қ - сы:
Жадырап күндей
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз
ІІ. Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз
Жалықпай оқып, көңілге тоқып
Білімді адам боламыз
Қ - сы: қайталаймыз
Жүргізуші: Олай болса, сендерге көп - көп рахмет. Балалар барлығымыз Күз ханшайымы мен Дымбілмеспен қоштасайық
Балалар хормен: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз:
Балалардың орындауында әсем ән:
Ән: "Алтын күз"
Әні: Әні: Е. Өтетілеуов
Сөзі: Н. Нүсіпбаев
Алақай - ау, алақай балалар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>