місті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші: Қане балалар, кім күз айларын атап шығады?
Балалар хормен: Қыркүйек, қазан, қараша
Жүргізуші: Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы - Дарина Менің атым - Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын.
Дарина:
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Қазан айы - Бисана: Менің атым - Қазан. Жиын - терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Ұстаздар күні, қарттар күні осы менің айында болады
Қараша айы - Диана: Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып , қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Диана:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші: Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
Балалар: Рахмет, сендерге күз айлары
Жүргізуші:Енді, балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық, қолында күзгі базарлығы бар)
Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Балалар хормен: Көп рахмет сізге, Алтын күз
Жүргізуші: Күз ханшайымы, мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: Балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді
Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндір
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>