Жомарт күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Жомарт күз"
Мақсаты: Мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беруді жалғастыру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым - қатынас қалыптастыру. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Керек құрал-жабдықтар: Көкөністер мен жемістер, екі шелек, су, қасық
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, әріптестер,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі "Жомарт күз!" мерекесімен құттықтаймын.
Балалар хормен: Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке!
Жүргізуші: Ал, енді біздің балалардың дайындаған тақпақтарын тыңдайық
Айша:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Амина:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді,күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Санжар:
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді.
Айдос:
Алтын ,сары , қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Айару:
Алақай, алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Әліби:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,же

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: