Жомарт күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету, таным белсенділіктерін арттыру. Күз мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балалардың ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Мерекеге қатысатын кейіпкерлер: Аю, Тиін, Кірпі . Қоян.
Ойындар: Саусақ ойыны "Жаңбыр"
Орындалатын әндер: "Күз жомарт", "Алтын күз", "Дождик".
Орындалатын билер: "Қыздар биі", "Заманауый биі", "Жаңбыр биі".
Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуеніме залға кіреді. Көкеністердің кимін киген балалар залда отырады, "Бағбан ата" музыка әуенімен кіріп, балаларды тұрғызып билейді.
Милена
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Нариман С
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне алтын күз.
Көптен күтіп сағынған.
Айзухра
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Зере
Жапырақ ұшты, Суықта түсті Сонда да бізге Қызық көп күзде.
Іңкар
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
Еркебұлан
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Альтайр
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Жанасат
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Бағбан:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңданд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: