Жомарт күз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ырып халқын күз.
Бағбан:
Ал, балалар , балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші.
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ:
Мақұлық бар екен дауысы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол. (Аю)
Сахнаға Аю шығады.
Аю: мына жер қандай көңілді!Сәлеметсіңдерме балақайлар! Аюды күтпеген боларсыңдар?
Бағбан: Сәлеметсің бе, Аю қандай тосын сәт? Кел, бізбен бірге күз мерекесінде көңіл көтер.
Аю: Рахмет. Бірақ, мен сендерді күзгі орманға серуендеп баруға шақырамын.
Бағбан: Балалар, бірге орманға барайық па?
Балалар : Ия!
Аю: олай болса , кәне кеттік:
Аяқты қатты соғамыз, (тарсылдатады)
Судан, тастан өтеміз
Секіреміз, жүреміз (алға жылжи отырып секіру)
Шаршамаймыз, күлеміз. (жай жүру)
Шаршамасақ егерде,
Жүрейік бірлесе! (бір-бірінің артынан жүгіру)
Бағбан: Міне, біз орманға келдік, Қараңдар, мында қаншама жапырақтар!
Бақдаулет:
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Алуа
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
Айзухра
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Алижан
Сап сары маңай
Сап сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Жаңбыр мен желдің дауысы шығады.
Бағбан : Балалар жаңбыр жауайын деп тұр, кәнекей үйге тығылайық.
Ақжол:
Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Қорқпаймыз біз сенен.
Қолымызда қол шатыр,
Кел, билеші бізбенен.
Ән мен би: Дождик. (танец с зон

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: