н.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
"Тоқта, сақтан, жол ашық!"
Жүрме жолға таласып.
Сабина: Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі оқу қызыметін осымен аяқталды. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.
Қорыта келе:
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Страницы: << < 1 | 2 | 3