Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру аймағы: Әлеумет.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: "Жолда жүру ережесін сақтаймыз!" Мақсаты: 1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері , интерактивті тақта, видиео ролик.
Шаттық шеңбері: Алтын сәуле арайлы. Бақшамызға тарайды. Қуанышпен шат күлкі, Қарсы алайық арайды. Қайырлы таң апайлар!
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен.
Ысқырығы күшті адам. (жол полициясы)
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
3. Жоқ өзінде бас та ,ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Тәрбиеші : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз .
Оның сырын біліп , алу баршамызға керек. Енді балалар мултьфильм көрейік.
1. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
2. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл - Тоқта !
Сары - Сақтан !
Жасыл - Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: "Бағдаршам"
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата - ана .
Жолда с

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: