Жолда жүру ережесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жолда жүру ережесі
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жолережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :Кіріспе :
"Жол травматизмінің алдын алу" атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын " Жолда жүру ережесі " тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті . Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді " Жолда жүру ережесін сақтаймыз! " атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:



Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: