Оқу іс-әрекет тақырыбы: "Жол тәртібін білейік!"
Оқу іс-әрекет мақсаты: Жолда жүру ережелері бойынша балалардың білімдерін кеңейту. Жол белгілері мен жолда жүру тәртібімен таныстыру. Балаларды сақтыққа, жол ережелерін орындауға тәрбиелеу. Еске түсіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Сабаққа байланысты суреттер, интерактивті тақта.
Оқу іс-әрекет барысы:
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн,өйткені біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше балалар шеңбер бойына тұрып,келген қонақтармен амандасып алайық.
Шуақ шаша,алтын таңда,
Мөлдір таза ауада.
Табиғаттың бәрі оянды,
Оян сен де, бар бала.
-Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
-Балалар,қане енді орындарымызға жайғасайық.
-Балалар бүгін көңіл -күйлеріңіз қалай?
-Тамаша.
-Өте жақсы.
-Балалар бір жылда неше жыл мезгіл бар?
-Төрт жыл мезгілі бар. Күз,қыс,көктем,жаз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар. Қыркүйек,қазан,қараша.
-Қазір күз мезгілінің қай айы?
-Күз мезгілінің соңғы айы қараша.
Қане, балалар күз туралаы кім тақпақтар біледі?
Балалардың тақпақтары.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Осы жұмбақты шешу арқылы бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын табамыз.
Ендеше бәріміз мұқият тыңдап,жұмбақтың шешуін табайық.
1. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. "Бағдаршам"
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. "Автобус"
3. Ала таяқ ұстаған,
Жол тіртібін нұсқаған.
Өміріңді ізетпен,
Ысқырығы күзетпен. "Милиционер"
Жарайсыңдар, балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз &quo
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>