ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.
2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
ІІ топ. "Жол белгілері"
1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, өауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялға
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>